ҚР Үкіметінің қаулысымен Т.Жақсылықов экономикалық даму және сауда вице-министрі қызметіне тағайындалды
АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 195 қаулысымен Тимур Жақсылықов Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Осы қаулымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Тимур Сүлейменов вице-министр қызметінен босатылды.
Бүін ҚР экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев ұжымға жаңа вице-министрді таныстырды. Т.Жақсылықов халықаралық қатынастар, соның ішінде халықаралық экономикалық ынпалдастықты реттеу, реттеу саласындағы мемлекеттік сасатты қалыптастыру және сыртқы сауда мен сыртқы сауда қызметін дамыту мәселелеріне басшылық етеді.
Тимур Мекешұлы Жақсылықов 1968 жылы туған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1993 ) тарихшы мамандығы бойынша; Саяси зерттеулер институтының (Страсбург қаласы, Франция) магистратурасын (1997 ) еуропалық зерттеулер саласындағы магистр мамандығы бойынша; Қазақ экономика және қаржы институтын (2003 ) экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметін 1993 жылы Семей бизнес және кәсіпкерлік инстиутының атқарушы директоры болып бастады.
1997 жылдан - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бас маманы, бөлім бастығы.
1998 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі.
1999 жылдан - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің Талдау орталығының сектор меңгерушісі.
2002 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Жүйелі зерттеулер орталығы басшысының орынбасары.
2003 жылдан - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі департаментінің директоры. 2004 жылдан - Женевадағы Дүниежүзілік сауда ұйымының мәселелері жөніндегі ҚР Индустрия және сауда министрлігі өкілдөр тобының басшысы.
2005-2006 жылдары -«Маркетингтік-сараптамалық зөрттеулер орталығы» АҚ (Алматы қ.) басқарушы директоры.
2006 жылдан - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» РМК бас директоры.
2007 жылдан - «Астананы тұрақты дамыту орталығы» ЖШС директоры, Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры м. а., директоры.
2008 жылдан бері - Астана қаласы әкімінің экономика және қаржы топтамасы бойынша орынбасары.
2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасының индустрия және сауда вице-министрі.
2010 жылғы сәуір-тамыз айларында Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы.
2010 жылғы тамыздан бастап - «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқарма төрағасы болды.
Еске сала кетейік, бұрынғы вице-министр Т.Сүлейменов Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (министр) болып тағайындалды.