ҚР Үкіметінің қаулысымен төтенше жағдайларды жоюды қамтамасыз ету мұқтаждығы үшін берілген реквизицияланған мүлікті есепке алу Ережесі бекітілді

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету мұқтаждығы үшін,

ҚР Үкіметінің қаулысымен төтенше жағдайларды жоюды қамтамасыз ету мұқтаждығы үшін берілген реквизицияланған мүлікті есепке алу Ережесі бекітілді

сондай-ақ құтқару және апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде берілген реквизицияланған мүлікті есепке алу ережесі бекітілді.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

Астана, Үкімет Үйі 2011 жылдың 6 қазанынан, № 1145 бұйрық

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету мұқтаждығы үшін, сондай-ақ құтқару және апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде берілген реквизицияланған мүлікті есепке алу ережесін бекіту туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 46-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету мұқтаждығы үшін, сондай-ақ құтқару және апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде берілген реквизицияланған мүлікті есепке алу ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

                                                                            Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Мәтіннің ережесі республикалық БАҚ-да жарияланды.