ҚР Үкіметінің қаулысымен жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары бекітілді
АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары бекітілді.
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2012 жылғы 2 маусым, Астана, Үкімет Үйі, № 736
Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары ресми БАҚ беттерінде жарияланған.