ҚР Үкіметінің кезектен тыс отырысында Жолдауды іске асыру тетіктері талқыланады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің 18 наурызда өтетін кезектен тыс отырысының басты тақырыбы Жолдау міндеттерінің орындалу тетіктері жайлы болмақ, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
« Президент Қ. Тоқаев 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бірқатар маңызды міндет қойды, олардың орындалу тетіктері 18 наурызда өтетін ҚР Үкіметінің кезектен тыс отырысының басты тақырыбы болады» делінген хабарламада.