ҚР Үкіметінің «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» қаулысына өзгерістер енгізілді
АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы №619 қаулысымен «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулыға өзгерістер енгізілді.
***
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 16 мамырдағы «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» №519 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов.
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереженің толық мәтіні бүгін республикалық БАҚ-та мына жерде жарияланды.