ҚР үкіметтік делегациясы Байқоңырға келді
АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - «Біз ұшып келдік, мазасыз-қуанышты таңға езіліп жатқан жолмен жоғары жылдамдықта жүріп келеміз», - деп жазды «Байқоңыр» ғарыш айлағына келген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзінің Twitter-дегі микроблогына.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның үкіметтік делегациясы «Бриз-М» блогының сүйемелдеуімен «Протон» ғарыштық зымыраны мен «KazSat-2» (Қазақстан Республикасы) және «ОС-2» (АҚШ) спутниктерінің ұшырылуын бақылайтын болады.