ҚР ҰҚК Алматы департаментінің жаңа басшысы болып Нұрғали Білісбеков тағайындалды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы қаласы бойынша ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы болып Нұрғали Білісбеков тағайындалды.

ҚР ҰҚК Алматы департаментінің жаңа басшысы болып Нұрғали Білісбеков тағайындалды

Бұл туралы ҰҚК Департаментінің баспасөз хатшысы Болатбек Төлетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, генерал-майор Нұрғали Білісбеков жаңа қызметіне Жаңа жылдың алдында бекітілген.

Бұған дейін хабарланғандай, қараша айының соңында Алматы қаласы бойынша ҰҚКД-нің басшысы Нұржан Мырзалиев және оның төрт орынбасарының екеуі - Асқар Әшімов пен Серік Асаинов қызметтерінен босатылған болатын.