ҚР ҰҚК Ан-72 ұшағының құлауы кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына көмек көрсеткені үшін Қазақстанның барлық азаматтары мен ұйымдарына алғыс білдіреді
АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметкерлері барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, Қазақстан Республикасының азаматтарына 2012 жылдың 25 желтоқсанында Шекара қызметінің Ан-72 әскери-көліктік ұшағының құлауы кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына көрсеткен моральдық және қаржылық көмегі үшін шынайы алғыс пен ризашылығын білдіреді. Бұл туралы ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Өз кезегінде алдағы уақытта да алдымызға қойылған міндеттерді лайықты орындап, халқымыз бен Отанымыз - Қазақстан Республикасының мүддесі үшін қызмет атқаратымызды уәде етеміз», - делінеді мәтінде.