14:06, 11 Қазан 2012 | GMT +5
ҚР ҰҚК-да террористік топтарды қаржыландыру арналарын анықтауда, олардың жолын кесуде ведомстволардың өзара әрекет етуі талқыланды
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 9 қазанында ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығының Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының кезекті мәжілісі болып өтті.

Бұл туралы ҚР ҰҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім етті.
Мәжіліске қатысушылар террористік топтар мен экстремистік ұйымдарды қаржыландыру арналарын анықтау және жолын кесу аясындағы ведомствоаралық өзара әрекеттестікті күшейту бойынша мәселелерді талқылады. Мәжіліс қорытындысы бойынша тиісті құжаттар қабылданды.
Ведомстоваралық комиссияның жұмысына 13 министрлік пен ведомстволардың басшылары және өкілдері қатысты.