ҚР ҰҚК департаменті елорданың үш тұрғынынан тәркіленген 367 келі марихуананы жойды

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҰҚК Астана қаласы бойынша департаменті қылмыстық іс шеңберінде тәркіленген жалпы салмағы 367 кг каннабистік топтағы есірткі заты - марихуананы жою бойынша акция өткізді.

ҚР ҰҚК департаменті елорданың үш тұрғынынан тәркіленген 367 келі марихуананы жойды

Бұл туралы ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұған дейін, ү.ж. 12 қарашада ҰҚКД қызметкерлері Қарағанды-Павлодар тас жолында жол бойы дәмханаларының бірінде есірткі заттарымен Астана қаласының үш тұрғынын ұстаған болатын. Есірткілер елорда аумағында сатуға арналған болып шықты.

Ұсталғандардан марихуана салынған 3 полимерлік қап, 7 қорап және 7 шаруашылық сөмкесі тәркіленді.

Үстіміздегі жылда ҰҚК Астана қаласы бойынша департаменті 390 кг астам есірткі затын тәркілеп, жойды, 25 қылмыстық іс қозғады, аса ірі көлемде есірткі заттарын таратқандары үшін 10 адам сотталды.