ҚР ҰҚК департаментінің қызметкерлері Алматыда оқ-дәрі салынған қорап тауып алды
АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат - Кеше Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Мостовая мен Набережная Алматы көшелерінің қиылысынан қауіпті жарылғыш зат пен оқ-дәрі салынған қорап тауып алды,
деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Баспасөз қызметінің атап өтуінше, ҚР ҰҚК департаментінің Тергеу басқармасы аталған затты сараптама жасауға алған.