ҚР ҰҚК қызметкерлері ауғандық героиннің ірі партиясын тәркіледі
АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ауғандық героиннің ірі партиясын жеткізудің контрабандалық арнасын жою бойынша кезекті операцияларды ойдағыдай жүргізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ағымдағы жылғы маусымның 5-інде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт ауданының «Қызылту» бекетінде ұсталған автокөліктен есірткі заттары ? жалпы салмағы 20 килә 750 грамм жоғары сапалы героин салынған 19 қалта тәркіленді.Ағымдағы жылғы бес ай ішінде ұлттық қауіпсіздік органдары 48 есірткі арналарының, олардың ішінде 30 халықаралық арналардың ізін кесті, 22 есірткі топтары жойылды. заңсыз айналымнан барлығы 250 килә героин және апиын алынды.