ҚР ҰҚК қызметкерлерінің 110 отбасы Жаңа жыл қарсаңында жаңа пәтерлерге қоныстанады

АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің 110 отбасы Жаңа жыл қарсаңында жаңа пәтерлерге қоныстанады.
None
None

Сейсенбі күні, желтоқсанның 29-ында Астанада құрылысшылар көппәтерлі тұрғын үй кешенінің екі блогын пайдалануға берді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. 

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, генерал-лейтенант Әділ Шаяхметов қоныс тойының иелерін қызу құттықтады және құрылысшыларға алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар