ҚР ҰҚК өткен жылы 295 млрд. теңгеден астам сомаға экономикалық залалдың жолын кесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткен жылы 295 млрд. теңгеден астам сомаға экономикалық залалдың жолын кесті. Бұл жайында «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында ҚР ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев мәлім еткен.
«Тек өткен жылдың ішінде ғана мемлекеттік органдардың іс-қимылы нәтижесінде 295 млрд. теңгеден астам сомаға экономикалық залалдың жолы кесілді. Ал біз қабылдаған шаралар ел қазынасына 11 млрд. теңгеден астам қаржының өтелуіне септігін тигізді», - деді Н.Әбіқаев.
Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік әрекет етудің барлық өзіндік шаралары толығымен қолданылуда. Бұл ұлттық мүддені қорғауды қамтамасыз етеді.
«Дегенмен, бұл маңызды әрі қажетті процесс қызметтің барлық түрлері сияқты тұрақты жетілдіріп отыруды талап етеді және ұлттық қауіпсіздік органы өзінің құзіреті мен жұмыс ерекшелігі аясында отандық экономиканың стратегиялық мәні бар салаларының тұрақты жұмыс істеу және тиімді даму игілігі үшін жеткілікті шаралар қабылдайды», - деді ҰҚК төрағасы.