ҚР ҰҚК Шекара қызметі Өгем шатқалында тікұшақ апатқа ұшыраған жерде әскери қызметшілердің қаза болғанын қуаттады

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - ҚР ҰҚК Шекара қызметінің жанып кеткен тікұшағы апатқа ұшыраған жерде ешкім де тірі қалмаған,
None
None

деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметі.

Іздеу-құтқару топтары тікұшақ құлаған маңайды толық тексеріп шықты, 10 әскери қызметшінің бірде-бірі тірі қалмаған, деп атап өтілді таратылған хабарламада.

Қазіргі уақытта тікұшақ бортында болған үш шекарашы Шымкенттің ауруханаларына жеткізілді. Зардап шеккендерге Қазақстан ҰҚК Шекара қызметінің орталық әскери госпиталында барлық қажетті көмек көрсетілді.

Қазір тікұшақтық борттық жазу құрылғысы іздестірілуде.   

Соңғы жаңалықтар