ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскери қызметшісі А. Тагиев АҚШ-та қоян-қолтық ұрыстан Әлем кубогіне ие болды
Қазақ спортшысы АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында өткен турнирдің ақтық турларына шығып, 1-ші орынды жеңіп алды. Ақтық кездесу жексенбі, қазанның 3-інде «Asplund Field House» аренасында болды.
Соңғы турларға Қазақстаннан бөлек, Ресей, Канада, Қырғызстан, АҚШ спортшылары қатысты.
Ресей БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, Әлем кубогына Қазақстан командасы сапында Оңдасын Мұзафаров, Ернар Мырзағалиев, Азат Тагиев, Әнуар Мәмбетов және Антон Аманбаев қатысып, Кубок иегерлері атанды.
КСРО-ның Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне арналған жекпе-жек ұрыс - өнер ретінде 1970-ші жылдары дүниеге келген. Оған көптеген спорттық жекпе- жек шайқасы түрлерінің техникасы кірген. Онда бокс пен каратэның соққы техникасы, дзюдо, самбо және еркін күрестің белдесу техникасы жинақталған. Қазіргі уақытта қоян-қолтық ұрысы бойынша Халықаралық федерацияға 18 ел мүшелікке енген.