ҚР ҰҚК Шекара қызметінің авиациялық техника паркіне жаңа екі тікұшақ пен ұшақ қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ҰҚК Шекара қызметінің астаналық аралас авиациялық эскадрильясында Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы Нұртай Әбіқаевтың қатысуымен жаңа авиациялық әскери техника - әскери-көлік «Ми-171Ш» тікұшақтары мен Ан-74Т-200А әскери-көлік ұшағы салтанатты түрде тапсырылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің авиациялық техника паркіне жаңа екі тікұшақ пен ұшақ қосылды

Нұртай Әбіқаев жаңа авиациялық техника экипаждары үшін бірінші ұшу тапсырмасына қол қойды. ҰҚК басшысы жеке құрамды авиациялық парктың толығуымен құттықтады, Шекара қызметін қазіргі заманғы техника және қару-жарақтармен қайта жаңғырту бойынша шараларды жоспарлы түрде жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Салтанатты тапсыру аяқталғаннан кейін басшылар авиациялық техникалармен танысты.

Жаңа «Ми-171Ш» әскери-көлігінің Республиканың Мемлекеттік шекарасын күзетуге қатысып жатқанын да атап өту керек. Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметімен «Рособоронэкспорт» ААҚ арасында жасалған шарт аясында 2014 жылғы бірінші тоқсанда Улан-Удэ авиация зауытынан Шекара қызметінің қарулануына екі Ми-171Ш әскери-көлік тікұшақтары алынды,былтыр Шекара қызметі осыған ұқсас 4 тікұшақ сатып алған болатын.

Ми-171Ш тікұшағы, барлық елде танымалы және өзін көрсеткен Ми-8 тікұшағының өте жаңартылған нәтижесі болып табылады. Ең ауыр ұшу салмағы - 13 тонна, сонымен қатар жүктің ең ауыр салмағы - 4 тонна, крейсерлік ұшу жылдамдығы - сағатына 230 км, ең жоғарғы ұшу биіктігі - 6000 м, ең жоғары ұшу ұзақтығы -1065 км, десанттар саны - 30 адам.

Тікұшақта ұшуларды күндіз түні, күрделі және жәй метеоролигиялық жағдайдайларды жасауға мүмкіндік беретін қосымша жабдықтар орнатылған. Түнгі көру аспаптары бар ұшуға икемделген экипаж кабинасы тікұшақтың, іздеу құтқару жұмыстарын жүргізу, тауда түнгі ұшулар мен табиғи жарық жоқ жағдайларда арнайы тапсырмаларды жасырын орындау сияқты жауынгерлік және арнайы мүмкіндіктерін біршама кеңейтеді.

Ан-74Т-200А әскери-көлік ұшағы ескірген Ан-26 орнын ауыстыруға шығарылған. Қарулануымызға қанатты машина Харьков мемлекеттік авиациялық өндірістік мекемеден түскен. Ұшақ күрделі және жәй метеоролигиялық жағдайдайларды ұшуға мүмкіндік беретін заманауи навигациялық жүйемен жабдықталған.

Ұшақтың жоғары ұшу-техникалық сипаттамасымен және жүк көтерімділігімен ерекшеленеді, сондай-ақ жасанды, топырақты ұшу-қону жолақтарына қонуға мүмкіндігі бар.

Техниканы қарап, тапсырғаннан кейін басшылар сеніп тапсырылған әскери машиналардың жеке құрамы мен экипаждарына зор денсалық, олардың жауапты да игілікті іс - Мемлекеттік шекараны сенімді күзету істеріне табыс тіледі.