ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» Аймақтық басқармасының жаңа бастығы тағайындалды

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында ҚР ҰҚК Төрағасының Орынбасары - Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов «Оңтүстік» Аймақтық басқармасының жаңа бастығы полковник Арман Қалиевті таныстырды.
None
None

Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз баянында хабарланған.

Оны жаңа қызметке тұруымен ҚР ҰҚК Төрағасының Орынбасары - Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов құттықтады.

«Оған қызметке кірігу барысында қолдау көрсетіп, көмектесулеріңізді сұраймын. Бізде уақыт тығыз, алда мемлекеттік шекараны жайластыруға және заңсыз кесіп өтуге байланысты үлкен жұмыстар күтіп тұр», - деді өз сөзінде ведомство басшысы.

Президенттің тапсырмасына сәйкес қазірде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметкерлерін толықтай аттестациядан өткізу жүргізілуде. Аттестация нәтижесі бойынша өте жақсыға тапсырған әскери қызметкерлердің лауазымы жоғарылауда. Бұған дейін А.Қалиев «Солтүстік» Аймақтық басқармасының бастығы қызметін атқарған болатын.

Сондай-ақ, генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов «Оңтүстік» АБ бастығының уақытша міндетін атқарған полковник Нұрлан Керімбаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

«Оңтүстік» АБ жеке құрамының алдында сөйлеген сөзінде Шекаралық қызмет директоры Астана қаласында өткен құқық қорғау органдарының жиналысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР ҰҚК Шекаралық қызметінің алдына қойған талаптарға ерекше назар аударды.

Жұмыс сапары барысында ведомство басшысы Қазақстан-Өзбекстан бағытындағы рұқсат беру пункттері және заставалар жұмысын тексерді. Шекарашы-әскери қызметкерлердің қызметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум