ҚР ҰҚК Террорға қарсы орталығы Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының қорытынды отырысы өтті
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін, 28 желтоқсанда ҰҚК-да Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Террорға қарсы орталығы Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының (ВҮК) қорытынды мәжілісі болып өтті.
Бұл туралы ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Комиссия жұмысының өзекті мәселелері, соның ішінде мемлекеттік органдардың террорға қарсы іс-қимыл саласындағы өзара әрекеттестіктері қаралды.
Комиссия жұмысына 11 республикалық министрлік пен ведомство басшылары мен өкілдері қатысты.