ҚР ҰҚК төрағасы ведомстволардың басшыларын стратегиялық және басқа да нысандардың қауіпсіздігінде жол берген кемшіліктері үшін өткір сынға алды

АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаевтың төрағалығымен ҚР ҰҚК Лаңкестікке қарсы орталық ішкі қауіпсіздік мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесі ведомствааралық комиссиясының және ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының бірлескен отырысы болып өтті,

ҚР ҰҚК төрағасы ведомстволардың басшыларын стратегиялық және басқа да нысандардың қауіпсіздігінде жол берген кемшіліктері үшін өткір сынға алды

деп хабарлады аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі.

Ішкі істер, әділет, мәдениет және ақпарат, көлік және коммуникация министрліктері өкілдерінің өмірлік маңызды стратегиялық және басқа да нысандардың қауіпсіздік, дін саласындағы экстремистік көріністерге қарсы әрекет ету мәселелері бойынша баяндамалары тыңдалды және талқыланды. Азаматтық авиация қауіпсіздігін қамтамасыз етудің көкейкесті проблемаларына, оның ішінде аймақтық және халықаралық маңызды әуежайлардың қауіпсіздіктерін нығайту бойынша шараларға айрықша көңіл бөлінді.

Комиссияның төрағасы Амангелді Шабдарбаев ведомство басшыларын осы саладағы жол беріліп отырған кемшіліктер үшін өткір сынға алды. Жауапкершілік деңгейін және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылдарын жетілдіру мен арттыру аясында бір ай ішінде кемшіліктерді жою және ұйымдастырушылық және нормивтік сипаттағы нақтылы ұсыныстарды комиссияның қарауына енгізу жөнінде шешім қабылданды.