ҚР Үкімет басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады

ЕАЭО елдерінің өндірістік әлеуетін жүзеге асыру 600 млн адамды тамақтандыруға мүмкіндік береді – Қазақстан Президенті
Фото: gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылғы 3-4 маусымда Несвиж қаласында (Беларусь) ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Еуразиялқ экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің үкімет басшыларымен бірлесіп Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына қатысады.

Шақырылған қонақтар ретінде Әзербайжан Премьер-министрі, ТМД Атқарушы хатшысы, Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы және Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының жобалау блогының атқарушы директоры қатысады деп жоспарланған.

«Кеңес отырысының күн тәртібі кедендік реттеу, көлік және логистикалық салалардағы өзара іс-қимыл, оның ішінде теміржол тасымалдарын цифрландыру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің кейбір атаулары бойынша индикативтік теңгерімдерді қалыптастыру, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестік, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің монополияға қарсы органдарының қызметі және басқа да өзекті тақырыптарды қоса алғанда, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттарын қамтиды. Қазіргі кезде әзірленіп жатқан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерін есептеудің жаңа әдістемесін талқылауға ерекше назар аударылады», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрліктегі апталық баспасөз мәслихатында.

Беларуське жұмыс сапарының ресми бағдарламасы аясында3 маусымда Қазақстан Премьер-Министрі Кеңестің басқа қатысушыларымен бірлесіп «Белагро – 2024» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысады.

Соңғы жаңалықтар
telegram