ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Елбасы Жолдауы талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» туралы Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Талқылауға Мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелері жиналды.
«Мемлекет басшысының Жолдауы - қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары айтылатын маңызды саяси құжат. Шын мәнінде бұл алда тұрған ең күрделі мәселелердің тоғысуы. Басқару ғылымында қызықты аксиома бар, тиімді басқару мен даму үшін үш нәрсе қажет: жүйе, перспектива және бақылау. Кезекті рет Елбасы елдегі барлық басқарушыларға қоғам алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруға ұқыптылықпен және жасампаздықпен келу үлгісін көрсетті», - деді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков.
Сондай-ақ, ҚХА кафедрасының меңгерушісі Жолдаудың адами капиталдың дамуы жөнінде айтылатын жетінші бағытына ерекше тоқталды.
«Мемлекет басшысы келтірген барлық 10 бағытпен таныстып шықтым және мен үшін жетінші бағыт аса маңызды. Мұнда адами капитал туралы оқи отырып, ең басты мәселе - мәдениеттің дамуы ойға оралды. Себебі, мәдениет түсінігіне экономиканың, технологиялардың, бизнестің және тұтас адами капиталдың басты стратегиялық ресурсы ретінде қараймын. Бұл фактор болмаса, алға қойылған 10 міндеттің бірі де орындалмайды. Сондықтан, Елбасы жолдауының жүзеге асырылуы мәдениеттің дамуына тікелей байланысты», - деп өз сөзін түйіндеді А.Башмаков.