ҚР Ұлттық банк халыққа алтын құймаларды сатуды бастайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда халыққа арналған тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын сату мен сатып алу бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2016 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында, Ұлттық Банк алтын құймалардың біздің азаматтарымыз үшін инвестицияларды жүзеге асыру және жинақ ақшасы үшін жаңа құрал бола алатынын атап өтті. Бүгін біз осы жоба бойынша барлық дайындық жұмыстарының аяқталғанын және бүгінгі күннен бастап алтын құймалардың біздің азаматтарымыз үшін қолжетімді болатыны туралы хабарлаймыз», - деді Д. Ақышев.

1

Ол алтын құймалардың Қазақстан теңге сарайында дайындалғанын және 10, 20, 50 және 100 грамм болып төрт түрде ұсынылғанын, ауқымды филиалдық желісі бар екінші деңгейдегі банктер арқылы сатылатыны туралы хабарлады. «Өлшеуіш алтын құймалардың шикізатынан бастап - түпкілікті өніміне дейін тек қазақстандық болып табылатынына назар аударған жөн. Ұлттық Банк алтын құймаларының «төрт тоғыздық» сынамды жоғары сапасына кепілдік береді», - деп атап өтті Д. Ақышев. 

Оның айтуынша, қазір Қазақстан азаматтары үшін шетел жинақтаудың негізгі тәсілі банктердегі депозиттер мен қолма-қол ақша валютасы болып табылады. «Ұлттық Банк аталған құралдарды нақты алтын түрінде толықтыруды ұсынады, - деп сөзін жалғастырды ҚРҰБ басшысы. - Біздің негізгі идеямыз алтынды халыққа сату ғана емес, өтімді әрі белсенді нарықты іске қосу, онда азаматтар аталған алтынды жинақ ақша үшін сақтайтынын немесе кіріс алу үшін оны сатып алу немесе сату бойынша операцияны жасайтынын өздері таңдай алады.»

Ол бүгінгі  күні  бағдарламаға  екі  банк - Қазақстан Халық банкі  және  Еуразиялық банктің қатысатындығын растағандығы жөнінде айтты. «Бағдарламаның  бастапқы кезеңі шеңберінде құймаларды сатып алуға  және сатуға  болатын  тек төрт қала айқындалды. Ол - Астана, Алматы, Өскемен және Атырау. Танымалдығының өсуіне қарай уақыт өте  алтын құймаларын сату географиясының кеңейетіндігіне сенімдімін» - деп  нақтылады
Д. Ақышев.

2

Құйманың 10 грамы- 127 мың теңге, 20 грамм - 254 мың теңге, 50 грамм - 635 мың теңге, 100 грамм - 1 млн. 270 мың теңге тұрады.

 

Өлшеуіш алтын құймалар арнайы қорғаныш  вакуумды орауда шығарылады. Ораудың бүтіндігі алтын құйманы ұсынған кезде банк оны қандай да бір ұзақ сараптамасыз сатып алуға міндетті болатынын білдіреді. Орау ашылған жағдайда банк бұл құйманы инкассоға қабылдайды, яғни Ұлттық Банк сараптама жүргізгеннен кейін ғана есеп айырысады. Ал бұл ұзақ уақытты және қосымша комиссияны төлеуді талап етеді.

 

Соңғы жаңалықтар