ҚР Ұлттық банк төрағасы бүгінгі таңдағы ең басты қауіп-қатерлер туралы айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Kapital.kz порталында өткен онлайн-конференция барысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев реттеушінің алдында тұрған қауіп-қатерлер туралы баяндады.

ҚР Ұлттық банк төрағасы бүгінгі таңдағы ең басты қауіп-қатерлер туралы айтты

«Ең үлкен сыртқы қатер мұнайдың әлемдің бағасының күрт төмендеуіне байланысты болды. Өйткені ол 2015 жылдың соңы мен 2016 жылдың басында ішкі нарықта валюта құнының құлдырауына алып келді. Ішкі қауіптердің арасында теңгелік құралдардың ішкі нарығының дамуын қалпына келтіру мен кірістердің талапқа сай болмауы және макроэкономикалық модельдеу мен болжамдау жүйелерін іс жүзінде жүзеге асыру және енгізу сияқты инфляциялық таргеттеумен байланысты үдерістер кезінде пайда болған проблемаларды айтар едім. Бұл жағдайды тұрақтандыру үшін айтарлықтай күш салу қажет болды»,-деді Данияр Ақышев.

Оның сөзінше, экономиканы долларсыздандыру мен тұрақты қаржы жүйесін қалыптастыру, Ұлттық банк пен теңгеге және бүтіндей алғанда банк секторына деген сенімді нығайту бүгінгі таңдағы  басты мәселелердің бірі болып қалып отыр.

«Осы айтылғандардың барлығын біз жалғастыратын боламыз»,-деді Ұлттақ банк басшысы.