ҚР Ұлттық Банкі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекітті
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық Банкі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекітті, деп хабарлайды ресми БАҚ-тар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы № 250
2012 жылғы 24 тамыз, Алматы қаласы
Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Келесі нормативтік құқықтық актілердің:
1) «Екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 56 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4817 тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына кассалық операцияларды жүргізу кезінде автоматтандырылған кассаны қолдану және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді, жайластыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 24 шілдедегі № 65 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5843 тіркелген, 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 193 (1616) жарияланған) қосымшасының 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде кассалық операцияларды, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу үшін пайдаланылатын үй-жайларды Қағидаларға сәйкес келтірсін.
4. Екінші деңгейдегі банктер және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу үшін пайдаланылатын үй-жайларды Қағидаларға сәйкес келтірсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Г.МАРЧЕНКО.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы № 250 қаулысымен бекітілген
Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 15 қарашада Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8080 болып енгізілді.
Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидалары баспасөз беттерінде жарияланған.