ҚР Ұлттық Банкі базалық мөлшерлеменің төмендеуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды - Д. Ақышев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- ҚР Ұлттық Банкі базалық мөлшерлеменің төмендеуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.

ҚР Ұлттық Банкі базалық мөлшерлеменің төмендеуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды - Д. Ақышев

«2016 жылғы 6 маусымда Ұлттық Банк базалық мөлшерлеменің деңгейін және пайыздық мөлшерлемелер дәлізін өзгеріссіз, 15 пайыз деңгейінде қалдырған болатын. Ондағы мақсат - теңгенің тартымдылығын нығайту. Енді, тәуекелдердің төмендеуіне және валюта нарығында оң үдерістердің байқалуына байланысты біз базалық мөлшерлеменің алдағы уақытта төмендеуі мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз», - деді Д. Ақышев.

Айта кетелік, базалық мөлшерлеме бойынша ҚР Ұлттық Банкінің келесі шешімі 2016 жылдың 11 шілдесінде жарияланады.