17:58, 17 Шілде 2017 | GMT +5
ҚР Ұлттық банкі базалық ставканы 10,5% деңгейінде сақтап қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық банкі базалық ставканы 10,5% деңгейінде сақтап қалды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық ставканы +/-1% дәлізбен 10,5% деңгейінде сақтау жөнінде шешім қабылдады. Инфляцияның жылдық деңгейі Ұлттық банктің болжамды бағалауымен келісіледі және мақсатты дәліз аясында қалады, инфляциялық болжам тұрақты деңгейде қалыптасады», - делінген хабарламада.
Баспасөз мәліметтерінде инфляциялық тәуекелдер жекелеген тауар нарықтарында туындайтын ұсыныс факторлары мен экономиканың дамуының базалық сценарийінің сыртқы өлшемдердің ауытқуынан болуы мүмкін.
«Ортамерзімді кезеңде болжамды инфляцияның өсу қарқынының тежелу бағыты базалық ставканың төмендеу мүкіндігін арттырады»,-делінген хабарламада.