ҚР Ұлттық банкі дизайны өзгертілген 1000 теңгелік банкнотты айналысқа шығарды
Дизайны өзгертілген номиналдық құны 1000 теңгелік банкноттың сипаттамасы:
«Банкнот мөлшері 134 х 70 мм қағазда дайындалған. Бет жағы: түсі - сары-қоңыр, бейнелер тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер: банкноттың оң жағында «Қазақ Елi» монументі және төменгі жағында ортада ұшып жүрген көгершіндердің бейнесі. Жоғарғы бөлігінде ҚР Мемлекеттік рәміздері: Елтаңба және Ту бейнеленген. Сол жағында төменгі және жоғарғы бөлігінде номиналдың цифрлық белгісі, сол жақта ортада номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгісі басылған. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Жоғарғы сол жақ бұрышта орналасқан, оның астында қолдан жасау жауапкершілігін ескертетін мемлекеттік тілде «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазу жазылған. Сырт жағы: түсі - сары-қоңыр, басым бейнелер көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейнелер: Үстірт шоқысы, артқы жағында Қазақстан картасының контуры бейнеленген. Төменгі сол жағында, жоғарғы оң жағында банкнот номиналының цифрлық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгісі. Жоғарғы жағында ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу басылған, төменгі жақта ортада банкнот номиналының әріптік белгісінің үстінде «Подделка банкнот преследуется по закону» деген жазу бар», делінген хабарламада.