ҚР Ұлттық банкі: І жартыжылдықта Қазақстанның сыртқы борышы 155,2 млрд. АҚШ долларын құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы І жартыжылдықтың нәтижелері бойынша ағымдағы операциялар шоты 2,2 млрд. АҚШ долларындағы теріс сальдомен қалыптасты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
None
None

Сауда балансы 7,9 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі профицитпен қалыптасты. Бұл ретте тауарлар экспорты 24,9 млрд. АҚШ долларын, ал тауарлар импорты 17,1 млрд. АҚШ долларын құрады.

Халықаралық қызмет көрсету балансы 2,3 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі дефицитпен қалыптасты. Бастапқы кірістер балансының дефициті 6,9 млрд. АҚШ долларын құрады. Қайталама кірістердің теріс сальдосы 1,0 млрд. АҚШ долларын құрады.

Қаржы шоты (Ұлттық Банктің резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) бойынша міндеттемелердің азаюымен салыстырғанда активтердің барынша жоғары қысқару қарқыны нәтижесінде 4,1 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі капиталдың таза әкелінуі (теріс сальдо немесе «қалған елдерден таза қарыз алу») қалыптасты.

Шетелдік тікелей инвестициялар бойынша 2015 жылғы І жартыжылдықта 1,3 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі теріс баланс қалыптасты. Тікелей инвестициялау операциялары бойынша қаржы активтерін таза сатып алу 2,0 млрд. АҚШ долларын құрады, ал шетелдік тікелей инвестициялар бойынша міндеттемелердің таза өсімі 3,3 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде қалыптасты.

«Салым бағыттары» қағидаты бойынша есепке алынған шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы әкелінуі 2015 жылғы І жартыжылдықта 7,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Өзара фирмааралық міндеттемелер бойынша негізгі борышты өтеуді есептегенде Қазақстанға тікелей инвестициялардың таза әкелінуі 0,9 млрд. АҚШ долларын құрады, ал шетелге таза әкетілуі 0,4 млрд. АҚШ доллары болатын теріс сальдомен қалыптасты.

Портфельдік инвестициялар балансы 2,1 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі теріс сальдомен қалыптасты, ал міндеттемелердің азаюы 2,6 млрд. АҚШ долларын құрады.

«Басқа инвестициялар» бабы бойынша теріс сальдо 0,6 млрд. АҚШ доллары болды. Активтердің төмендеуі 1,8 млрд. АҚШ долларын, ал міндеттемелердің азаюы 1,1 млрд. АҚШ долларын құрады.

2015 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 155,2 млрд. АҚШ долларын құрады, олардың 5,0% немесе 7,8 млрд. АҚШ долл. - мемлекеттік сектордың сыртқы борышын 1, 6,2% немесе 9,7 млрд. АҚШ доллары - «Банктер» секторының сыртқы борышын 2, 36,2% немесе 56,2 млрд. АҚШ доллары - «Басқа секторлардың» 3 тікелей инвестицияларға байланысты емес берешегін, ал қалған 52,6% немесе 81,7 млрд. АҚШ доллары осы сектордың фирмааралық берешегін құрайды.

2015 жылғы 2-тоқсанда елдің сыртқы борышы 0,9 млрд. АҚШ долларына ұлғайды. Мемлекеттік сектордың сыртқы борышы 82 млн. АҚШ долларына азайды. «Банктер» секторының сыртқы борышының 0,4 млрд. АҚШ долларына ұлғаюы негізінен жекелеген банктердің борыштық бағалы қағаздарының нарықтық бағаларының өсуіне байланысты болды.

«Басқа секторлардың» жиынтық сыртқы міндеттемелері 0,6 млрд. АҚШ долларына көбейді. Бұл ретте «Басқа секторлардың» үлестес емес бейрезиденттер алдындағы берешегі 0,5 млрд. АҚШ долларына азайды.

Соңғы жаңалықтар