ҚР Ұлттық банкі ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізеді

Қазақстандағы валюталық саясаттың өзгеруіне байланысты жұмыс тобы бұл жағдайдың бағдарламаны іске асыруға ықпалына талдау жүргізді, сондай-ақ валюталық бағамның жаңа режімін ескере отырып, осы бағдарламаның орындалуын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шаралар қаралып, әзірленді.
Жұмыс тобы, сондай-ақ, бағдарламаны іске асыру тетігін жетілдіруге бағытталған шараларды қарады. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде қарыз алушылардың барынша көп санын қамту мақсатында, Жұмыс тобы мынадай шешімдер қабылдады: тараптардың келісуі бойынша кепілмен қамтамасыз етуі банктердің балансына қабылданған қарыздарды қайта қаржыландыру; қарыз бойынша қамтамасыз ету болып табылатын тұрғын үйдің көлеміне қойылатын талаптарды ұлғайту жағына қарай өзгерту туралы. Бұдан басқа, тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін бағдарламада кепіл берушісі үшінші тұлға болатын қарыздарды қайта қаржыландыру, сондай-ақ проблемалық қарыз алушының борышын төлем жасауға қабілетті адамға аудару мүмкіндігі көзделетін болады.
Талқылау нәтижелері бойынша жұмыс тобының мүшелері Бағдарламаға тиісті өзгерістер енгізу бойынша шешім қабылдады. Бағдарламаға өзгерістерді Ұлттық банк жақын уақытта енгізетін болады.