ҚР Ұлттық банкі қайта қаржыландыру ставкасын 7,0 пайыздық деңгейде белгіледі

АЛМАТЫ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ҚР Заңына сәйкес 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасын жылдық 7,0 пайыздық деңгейінде белгілеуге шешім қабылданды.

ҚР Ұлттық банкі қайта қаржыландыру ставкасын 7,0 пайыздық деңгейде белгіледі

2009 жылдың қорытындылары бойынша инфляция 6,2 пайыз болған. 2010 жылғы І-тоқсанда жылдық инфляция 7 пайыздан аспайды деп күтілуде. Осыған байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасын бұрынғы 7,0 пайыз деңгейінде сақтау барынша мақсатқа сай болып табылады.