ҚР Ұлттық банкі «төлем жүйесінің» түсінігін заңнамалық тұрғыда регламенттемек

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі «төлем жүйесінің» түсінігін заңнамалық тұрғыда регламенттеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ұлттық банктің Төлем жүйелері департаменті директорының орынбасары Ерлан Ашықбеков мәлім етті.
None
None

Сонымен қатар ол «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заң жобасының негізгі бағыттары туралы айтып берді, деп хабарлады банктің баспасөз қызметінен.

Төлем жүйелері жұмысын регламенттеу мәселесіне тоқталған Е. Ашықбеков, бұл тұрғыда негізгі түсініктер («төлем жүйесі», «оператордың» және төлем жүйелері қатысушыларының» түсініктері), төлем жүйелерін ұйымдастыру тәртібі мен жұмысы қарастырылғанан жеткізді. Сонымен қатар халықаралық стандарттарға сәйкес, олардың жіктелуі енгізіледі.

ҰБ өкілі аталған заң жобасының төлем жүйелері нарықтарын реттеу және төлемдер мен ақша аударымдарын іске асыру тәртібін айқындау секілді бағыттарын атап өтті.

«Заң жобасымен нарықтың субъективті құрамы айқындалды, төлем қызметтерін жеткізушілердің түсінігі мен дәрежелері енгізіледі (банктер, ұйымдар, төлем агенттері), сондай-ақ олардың қызметін реттейтін ережелер және олар іске асыратын төлем қызметтерінің нақты түрлері айқындалады»,-деді Е. Ашықбеков.

Осы ретте ол жеке төлем ұйымдары ҚР Ұлттық банкінде есептік тіркеуден өтуі тиіс екенін атап өтті.

«Заң жобасы төлем агенттері желісі арқылы төлем қызметтерінің белгілі бір түрлерін банктермен жасау мүмкіндігін қарастырады. Бұл өз кезегінде халық үшін базалық банктердің қызметтеріне қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді»,-деп атап өтті ҚР ҰБ өкілі.

Соңғы жаңалықтар