ҚР Ұлттық банкі Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексерулердің нәтижелерін жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

ҚР Ұлттық банкі Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексерулердің нәтижелерін жариялады

Отырысқа «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ басшылары қатысты.

Комиссияның отырысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және «Даму» КДҚ» АҚ-тың қатысуымен өткізілген тексерулердің нәтижелері талқыланды, деп хабарлайдың банктің баспасөз қызметінен.

«Даму» КДҚ» АҚ-тың және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың ақпараты бойынша екінші деңгейдегі банктермен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың нысаналы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған қосымша келісімдер жасалды.

«Даму» КДҚ» АҚ-тың деректері бойынша, 2014 жылғы көктемде өңдеу өнеркәсібіндегі ШОК субъектілерінің жобаларын қаржыландыру үшін бөлінген қаражаттың қайталама игерілуі 2015 жылғы 2 қазандағы жағдай бойынша 8 млрд. 900 млн. теңгені құрады.

«Даму» КДҚ» АҚ-тың деректері бойынша, 2014 жылдың соңында өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру үшін бөлінген 50 млрд. теңгеден 2015 жылғы 2 қазандағы жағдай бойынша банктер 45 млрд. 646 млн. теңге сомаға немесе бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 91%-ына 260 жобаны іс жүзінде қаржыландырды.

Өз кезегінде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың деректері бойынша 2014 жылдың соңында өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру үшін 22 млрд. 657 млн. теңге сомаға немесе бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 45%-ына 23 жоба іс жүзінде қаржыландырылды.

«Даму» КДҚ» АҚ-тың деректері бойынша 2015 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру үшін бөлінген 50 млрд. теңгеден банктер 39 млрд. 252 млн. теңге сомаға немесе бөлінген қаражаттың жалпы көлемінен 79%-ына 294 жобаны іс жүзінде қаржыландырды. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың деректері бойынша 2015 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру үшін бөлінген 50 млрд. теңгеден 32 млрд. 671 млн. теңге сомаға немесе бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 65 %-ына 35 жоба іс жүзінде қаржыландырылды.

Сонымен бірге «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың деректері бойынша 2014 жылы ИИДМБ-2 жобаларын қаржыландыру үшін бөлінген 50 млрд. теңгеден 2015 жылғы 2 қазандағы жағдай бойынша 15 млрд. 325 млн. теңге сомаға немесе бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 31%-ына 2 жоба («АЛТЕЛ» АҚ және «Проммашкомплект» ЖШС) іс жүзінде қаржыландырылды.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың деректері бойынша 2015 жылы жеке тұлғаларды - отандық жеңіл автокөлік сатып алушыларды кредиттеу үшін бөлінген 15 млрд. теңгеден 2015 жылғы 2 қазандағы жағдай бойынша 10 млрд. 780 млн. теңге сомаға немесе бөлінген қаражаттың жалпы көлемінен 72%-ына 3 418 жеке тұлға іс жүзінде қаржыландырылды.

Бұдан басқа «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың деректері бойынша 2015 жылы отандық экспортерлерді қаржыландыру үшін бөлінген 50 млрд. теңгеден іс жүзінде 29 млрд. 67 млн. теңге игерілді.

Жыл

Қаржыландыру мақсаты

Бөлінді

Пайдаланылды (млрд. теңге)

Пай-далану %

«ҚДБ» АҚ

2014

Өңдеу өнеркәсібінде ірі кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру

50

22,657

45

2014

ИИДМБ-2 жобаларын қаржыландыру

50

15,325

31

2015

Өңдеу өнеркәсібінде ірі кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру

50

32,671

65

2015

Жеке тұлғаларды - отандық жеңіл автокөлік сатып алушыларды кредиттеу

15

10,780

72

2015

Отандық экспортерлерді қаржыландыру

50

29,67

59

«ДАМУ» КДҚ» АҚ

2014

Өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру

50

45,646

91

2015

Өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру

50

39,252

79