ҚР Ұлттық банкі юаньды резервтік валюта ретінде қарастырып отырған жоқ

АЛМАТЫ. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ҚР Ұлттық банкі қазіргі таңда юаньды резервтік валюта ретінде қарастырып отырған жоқ,

ҚР Ұлттық банкі юаньды резервтік валюта ретінде қарастырып отырған жоқ
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Юаньды резервтік валюта ретінде қарастыру мәселесі өткен аптада Мәжілісте сөз болған болатын. Ұлттық банктің Астана қаласындағы үйлестіру департаментінің директоры Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, қазіргі таңда юаньның резервтік валюта ретінде күшіне енетіндей толық жағдайы жоқ. Бұл мәселе төңірегінде әлі де біраз талданатын нәрселер бар. «Бүгінгі таңда Ұлттық банк юаньды резервтік валюта ретінде қарастырып отырған жоқ. Юань қазіргі кезде Ресей рублі сияқты аймақтық деңгейде ғана күші бар, ал әлемдік ауқымда әлі беделі жоқ», - дейді Ерұлан Кенжебекұлы.