ҚР Ұлттық банкі жаңа банкнотаның инфляция деңгейіне теріс әсер тигізуін жоққа шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық банк ҚР Ұлттық банкінің 20 000 номиналды банкнотаны енгізу себебі мен жаңа купюраның шығуының инфляция деңгейіне әсеріне қатысты мәлімдеме жасады.
None
None

Ұлттық Банк халықаралық тәжірибеге сүйенеді. Оған сәйкес, елдегі ең жоғары банкнота номиналы елдегі орташа айлық жалақының (қазіргі уақытта 120 мың теңгеден астам) жартысын құрауы мүмкін.

Сондықтан жаңа номиналдағы банкнотаны шығару елдегі ақша айналымын жетілдірудің қарапайым үдерісі болып қарастырылады, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен. Жаңа номиналдың инфляция деңгейіне кері әсер ету мүмкіндігіне қатысты қауіптер негізсіз. Жаңа номиналды енгізгенде айналымда ақшаның көбеюі орын алмайды. Жоғары номиналды банкнотаның шығуымен, төменгі номиналдарды (мәселен, 5 немесе 10 мың теңге) шығару көлемі азаяды. Ұлттық Банк ақша айналымындағы түрлі номиналдағы банкноталардың ара қатынасының теңгерілімін қамтамасыз етеді. Жаңа номиналдың шығуы жинағандарын қолма-қол ақша түрінде сақтайтын тұрғындар үшін де қолайлы. Мұндай жағдайда ұлттық не шетелдік валютада басымдық жоғары номиналдарға беріледі.

Соңғы жаңалықтар