ҚР Ұлттық банкінде валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мәселелері талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы аптада ҚР Ұлттық Банкінде «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-ның, ірі екінші деңгейдегі банктер өкілдерінің және «Атамекен» ҰКП басшылығының қатысуымен Қазақстан Республикасының экономикасын кредиттеу мәселелері бойынша жұмыс тобының бірқатар кездесулері өтті.
None
None

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесулер барысында валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының шеңберінде қаражатты игеру, өзгермелі айырбастау бағамына өтуге байланысты бағамдық айырманы өтеу шеңберінде шаралар қабылдау мәселелері талқыланды.

Кездесулердің нәтижелері бойынша жұмыс тобы тиісті ұсыныстар жасайтын болады.

Соңғы жаңалықтар