ҚР Ұлттық банкінің АҚ-ның аффилиирленген тұлғаларының тізімін ұсыну туралы қаулысы бекітілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы №54 2015 жылғы 24 сәуір, Алматы қаласы
Акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғаларының тізімін ұсыну туралы
2003 жылы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Акционерлік қоғамы, тұрақтандыру банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) өз аффилиирленген тұлғаларының тізімін осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті жылдың 1 қаңтарындағы, 1 сәуіріндегі, 1 шілдесіндегі және 1 қазанындағы жағдай бойынша тиісінше есепті жылдың 31 қаңтарынан, 30 сәуірінен, 31 шілдесінен және 31 қазанынан кешіктірмейтін мерзімде ұсынады.
2. Аффилиирленген тұлғалардың тізімін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ұсыну жағдайларын қоспағанда, акционерлік қоғам аффилиирленген тұлғалардың тізіміносы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қағаз тасымалдағыштағы ілеспе хатпен электрондық тасымалдағышта (Excel форматындағы электрондық кестелер) ұсынады. Электрондық құжаттар түрінде (Excel форматындағы электрондық кестелер) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ұсынылған үлестес тұлғалардың тізімі электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылады.
3. Ұлттық Банк акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсына орналастыру жолымен не мүдделі тұлғалардың сұратуы бойынша жария етеді.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімін ұсыну туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 171 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7719 тіркелген, 2012 жылғы 25 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 551-556 (27629) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5.Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетов