ҚР Ұлттық банкінің жалпы халықаралық резервтері 4 пайызға өсіп, 29,5 млрд. АҚШ долларын құрады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2016 жылғы сәуірде Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 4 пайызға өсіп, 29,5 млрд. АҚШ долларын құрады (жыл басынан бері 5,9 пайызға өскен). Ал таза халықаралық резервтері 4,1 пайызға өсіп, 28,6 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайды. Жыл басынан бергі өсім 6,2 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.
2016 жылғы сәуірде таза валюталық қорлар (ЕАВ) 3,8%-ға (жыл басынан бері 1,3%-ға төмендеді), алтындағы активтер 4,8%-ға (жыл басынан бері 25,3%-ға өскен) өсті.
Ішкі валюта нарығында валюта сатып алумен, банктердің шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың ұлғаюымен және Үкіметтің Ұлттық банктегі шоттарына валютаның түсуімен қамтамасыз етілген халықаралық резервтердің өсімі, банктермен арадағы валюталық-пайыздық операциялар бойынша жоспарлы өтелімдермен, Ұлттық қордың активтерін толықтыру және Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялармен ішінара бейтараптандырылды.
«2016 жылғы сәуірде елдің халықаралық резервтері жедел деректер бойынша жалпы алғанда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (65,4 млрд. АҚШ доллары) қоса алғанда, 95,0 млрд. АҚШ долларына дейін, яғни 2,5%-ға (жыл басынан бері 3,9%-ға) ұлғайды», - делінген хабарламада.