ҚР Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізілді

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 151 қаулысына өзгеріс енгізілді.

ҚР Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 151 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 ақпандағы №151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж.. №20, 248-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

                                                                         Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қаулының толық мәтіні бүгін республикалық БАҚ-тарда жарияланды.