ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті қайта тағайындалды

АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Академик Мұрат Жұрынов ҚР ҰҒА академиктері және корреспондент-мүшелерінің құпия дауыс беруі арқылы 97,7% дауыс жинап, келесі бес жылдық мерзімге ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті қызметіне қайта тағайындалды.

ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті қайта тағайындалды

Бұл туралы ҚР Ұлттық ғылым академиясының президиумы аппаратының баспасөз хабарламасында айтылған.