ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау ережелері

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевтың бұйрығымен ҚР ҰҚК-нің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау ережелері бекітілді.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау ережелері

* * *

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы бұйрығы

2013 жылғы 12 сәуір, №182, Астана қаласы

Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңы 10-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Ұсынылып отырған Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін (бұдан әрі - Қағидалар).

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынышты ұйымдардың басшылары Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.

5. Осы бұйрық 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалар 2-тармағының 3), 4) тармақшаларын қоспағанда алғашқы ресми жарияланғаннан кейінгі күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.

Комитет Төрағасы Н. ӘБІҚАЕВ.

Құжаттың толық мәтіні