ҚР Ұлттық компанияларының табысы екінші жартыжылдықта екі есеге қысқарды
Осы жылдың екінші тоқсанында ұлттық компаниялар 555,3 млрд теңге пайда тапқан, бұл 2016 жылдың аталмыш кезеңімен салыстырғанда, 3,7%-ға көп. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметі барысында шығын көлемі 488,1 млрд теңгеге жетіп, өткен жылғы көрсеткіштен 11,3%-ға артқан.
Сондай-ақ, табыс көрсеткішінің құрылымы көрсеткендей, кірістердің өсуі ұлттық компаниялардың негізгі өнімдері мен қызметтерін сатудан емес, қаржылық қызмет бойынша, оның ішінде банктік салымдар бойынша сыйақы көлеміне байланысты болып отыр.
Атап айтқанда, есептік кезеңдегі тауарлар мен қызмет көрсетулерден түскен пайда 2016 жылдың сәуір-маусым аралығындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 22,1%-ға немесе 87,4 млрд теңгеге азайған, ал қаржыландырудан түскен табыс - 2,2 есеге немесе 111 млрд теңгеге артқан.