ҚР Ұлттық музейінде «Болашаққа көзқарас: маңызды мұра» көрмесі ашылады

«Бүгін ҚР Ұлттық музейінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының қолдауымен «Болашаққа көзқарас: маңызды мұра» көрмесі ашылады. Аталған жобаның мақсаты - маңызды өнер алаңында жұмыс істеп жүрген қазақстандық суретшілердің шығармашылығын насихаттау. Олар бүгінде шетелде кеңінен танымалдыққа ие болып отыр», - деді ҚР Ұлттық музейінің қазіргі заманғы өнер орталығының жетекшісі Роза Әбенова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, көрмеде Сәкен Нарынов, Рашид Нүрекеев, Елена Воробьева, Юлия Сорокина, Сәуле Дүйсенбинова секілді суретшілердің туындылары жұртшылық назарына ұсынылмақ.
«Бұл суретшілер түрлі көркемөнер тәжірибесінде жұмыс істеуде. Олар бүгінде Қазақстанның бейнелеу өнері тарихына өзіндік із қалдыру үшін талпыныс жасап келеді. Осы ретте қандай да бір рухани және мәдени естелікті қалыптастыру бағытында аянбай еңбек етуде», - деді Р. Әбенова.