ҚР Ұлттық пантеоны 1-інші кезеңінің құрылысына 2,3 млрд. теңге қаржы жұмсалады деп күтілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарлауынша, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық пантеонының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
ТЭН бойынша бірінші кезеңнің құрылысына 2,3 млрд. теңгеден аспайтын қаржы жұмсалады деп күтілуде. Бұл қаржыға Қабанбай батыр кесенесін күрделі жөндеу,оның аумағын және жанындағы зираттарға құлпытастар қойып, абаттандыру жұмыстар жүзеге асырылады. Тиісті жұмыстар жалпы ауданы 5 га жерде жүргізіледі.
Жобаның бірінші кезеңін іске асыру Пантеонның алдағы бірнеше жыл бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Келесі кезеңдерді іске асыру қажеттілігіне қарай жүзеге асырылатын болады.
Ұлттық пантеонның орналасқан жері - Астана қаласынан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде, Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылының маңы.