ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Президент сайлауын өткізу туралы бастаманы қолдайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндег бастамасын толығымен қолдайды.
«Елдегі бірлік пен тыныштықтың арқасында Қазақстан Республикасы дамудың даңғыл жолына түсті. Әлемдегі дағдарыстың дауылы - дамыған мемлекеттердің өзін тығырыққа тіреп, тірліктерін тұралатқан тұста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты біздің басты бағытымызды айқындап берді. «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасы - еліміздің көшін алға сүйреп, тасын өрге домалататын басты құжат деп бағалаймыз»,-делінген ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының үндеуінде.