ҚР үш ауыр атлетін жарысқа қатысу құқығынан айыру туралы халықаралық федерацияның шешімі уақытша

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жасұлан Қадырбаев, Ермек Өміртай, Алмас Өтешовты жарысқа қатысу құқығынан айыру туралы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шешімі уақытша болып табылады.
None
None

Бұл туралы ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық тараптың жүгінуіне ХААФ өкілдерінің жауабы Тәртіптік комиссия шақыратынын растады, олар қазақстандық атлеттерді жарысқа қатысу құқығынан айыру не айырмау жайында шешім қабылдайды. Тәртіптік комиссия қазақстандық тарап бастамасымен кез келген уақытта не ХААФ алғашқы жоспарлы шарасының барысында шақыртылуы мүмкін.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Ауыр атлетика федерациясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, Хьюстонда 2015 жылғы Әлем чемпионатына қатысқан кезде спортшылардан алынған сынамада тыйым салынған препараттың болу фактісі бойынша бірлескен тергеу жүргізген. Атлеттер ағзасына препараттың абайсыз түсу фактісі расталған жағдайда, атлеттерге тәртіптік жаза не қолданылмайды не ең төменгі мөлшер қолданылуы мүмкін.

Қазақстандық федерацияда атлеттер мен ұлттық құраманы қорғау тәжірибесі мен мүмкіндіктері бар.

Соңғы жаңалықтар