ҚР үш облысында көктайғақ, боран салдарынан жол қозғалысы шектелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ ТЖК сайтында жол қозғалысын шектеу туралы хабарлама жаңартылды.
24 наурызда сағат 10:50-де ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) қоғамдық және жүк көлігі үшін «Астана-Көкшетау» автожолында жол қозғалысы шектелді.
Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) республикалық маңызы бар «Шучинск-Астана (18-230 шақырым), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолында (Қостанай облысы шекарасы мен СҚО шекарасы) қоғамдық және жүк көліктері үшін жол жабылды».
Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың нашар көрінуі) республикалық маңызы бар: "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" (174-218 шақырым., Қотыртас кенті- Қайдауыл кенті); облыстық маңызы бар: "Донское-Бадамша" (17-76 шақырым); "Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк" (10-74 км); аудандық маңызы бар: "Қарғалы-Херсон" (4-17 шақырым), "Қарғалы-Красное поле" (6- 24 шақырым), "Мәртөк-Қызылжар" (0-30 км), "Хромтау-Тассай" (10-28 км), "Мәртөк-Қаратаусай" (0-35 шақырым), "Мәртөк-Вознесеновка" (0-25 шақырым) жолдары жабылды.
Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың нашар көрінуі) облыстық маңызы бар "Сарыкөл-Большие Дубравы" учаскесінде (0-56 шақырым) жол қозғалысы шектелді.