ҚР V Жазғы спартакиадасының жеңімпаздары белгілі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматыда ҚР V Жазғы спартакиадасының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None


Спартакиада 29 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында басталып, спорттың 40 түрі бойынша 14 облыста өткізілген болатын. Олар: үстел теннисі, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер күресі, муайтай, киокушинкай-кан каратэ, садақ ату, семсерлесу, регби (ерлер, әйелдер), спорттық гимнастика, гандбол (ерлер, әйелдер), спорттық құзға өрмелеу, самбо, бадминтон, бокс (ерлер, әйелдер), желкенді спорт, каратэ-до, ат спорты (кедергіден өту), баскетбол (ерлер, әйелдер), көркем гимнастика, бокс (әйелдер), батуттық гимнастика, стенд ату, жеңіл атлетика, су добы (ерлер, әйелдер), жүзу, байдарка және каноэ есу, дзюдо (ерлер, әйелдер), президенттік көпсайыс, оқпен ату, волейбол (ерлер, әйелдер), шосседегі велосипед спорты, маутинбайк, триатлон, таеквондо, академиялық есу, жағажай волейболы (ерлер, әйелдер), көгалдағы хоккей (ерлер, әйелдер), велосипед спорты (трек), ауыр атлетика және теннис.


Ойын қорытындысы бойынша, бірінші орынды Алматы қаласының спортшылары, екінші орынды – Шымкент қаласының, үшінші орынды Алматы облысының спортшылары иеленді.

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі атынан спортшыларды Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев құттықтады», - деді комитеттен.

Турнир ұйымдастырушысы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

Соңғы жаңалықтар