16:15, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
ҚР вице-премьері «АзияАвто» автомобиль құрастыру зауытының бәсекеге қабілеттілігі жоғары екенін атап өтті
ӨСКЕМЕН. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ – Өнімдердің «қазақстандық сапасы» мәселелері бойынша өңірлерге жасаған өзінің сапары барысында ҚР вице-премьері Өмірзақ Шөкеев «АзияАвто» автомобиль құрастыру зауытында болып, кәсіпорын жұмысының технологиялық циклімен егжей-тегжейлі танысты және бәсекеге қабілеттілігі жоғары екенін атап өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Зауыт басшылығы кәсіпорынды дамытудың үлкен бағдарламасын ұсынды, онда белгілі әлемдік автомобиль шығарушылардың АвтоВАЗ, Шкода, Шевроле, Рено және Ниссан маркаларын құрастыратын қазір жұмыс істеп тұрған цехтарымен қатар тағы да бірнеше аралас өндірістерді салуға ниет танытып отыр (дәнекерлеу, сырлау және т.б.).Өндірісті кеңейту тағы да 4 мың жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, бұл сонымен қатар Қазақстанның аумағындағы аралас өндірісті 16 мың жұмыс орындарымен қамтиды. Бұл ретте, жеңіл автомобильдер тетіктерінің негізгі бөліктерін шығару Қазақстанда ғана жүргізілетін болады.Ө.Шөкеев зауыт басшылығының атқарып отырған маңызды жұмыстарын, сауатты маркетингтік саясатын атады, осының арқасында кәсіпорын өзін рынокта шынайы көрсете білді және жалпы алғанда одан әрі дами түсуге бағыт ұстап отыр.Облыстық дағдарысқа қарсы штабтың кеңейтілген отырысында ол БАҚ-тың автомобиль өндірушілер мен автодилерлер ұстанымдарының айырмашылығына дәл және шынайы баға бере алмайтынын сынға алды. Бүгінгі күні көрші Ресейге қарағанда автомобльдерді Қазақстан шекарасынан тыс жерге әкетуге арналған баж салығы аз екендігі аталып өтті, бұл орайда машинаға баға іс жүзінде бірдей. Демек, делдалдардың қалтасында қалатын және бюджетті айналып өтетін пайда айтарлықтай қомақты, «олардың не үшін күресетіні белгілі». Орын алып отырған жағдай белгілі бір реттеу тетігін құруды талап етеді. Отандық автомобиль құрастыру зауытының басшылығы шет елдерден машина әкелуді шектеу немесе кедендік баж салығын арттыру бойынша шара қабылдау мүмкіндігін қарауды ұсынады. Өз кезегінде ол шығарылатын автомобильдердің бағаларын көтермеу туралы келісімге қол қоюға даяр.