ҚР Вице-премьері мәтінді түсінікті жаза алмайтын шенеуніктер туралы айтып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мәтінді сауатты әрі түсінікті жаза алмайтын шенеуніктерді сынға алды.
None
None

«Шынына келсем, мемлекеттік қызметтегі жұмысымда күн сайын мемлекеттік органдар жіберетін түрлі құжаттарды оқимын. Менің ойымша, мәтінді сауатты жазуға қатысты тиісті шара қабылдау керек», - деп тоқталды Үкімет басшысының орынбасары бүгін Астанадағы № 81 «Astana English School» мамандандырылған гимназиясы мұғалімдерімен және оқушыларымен кездесу барысында.

Ол мән-мағынасы жоқ 30 бетке жалғасқан құжаттың тек соңында ғана мәселенің мазмұны ашылатынын сөз етті.

Д. Назарбаеваның пайымынша, бір жарым бетке мәселенің тоқ етерін қысқа да нұсқа жазып беруді білу қажет.

Сонымен қатар ол қазіргі мектептер кәсіпкерліктің алғышарттарын және дағдыларын үйретуі керек екенін жеткізді.

«Экономика» пәні арқылы жоғары сыныпта оқушылар өздерінің бизнесін модельдеуді, бизнес-жоспарды құруды, бизесті қолдау үшін мемлекет тарапынан ұсынылған  барлық құжаттар мен бағдарламаларды зерделеуді  оқуы керек. Сонымен қатар банктермен, келісімшарттармен жұмыс істеуге машықтануы қажет. Бүгінде қаржылық сауаттылық қажет болып тұр», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар